Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» деген тақырыпта интеллектуалдық ойын өтті. Сайысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Ой бренд» қоғамдық бірлестігі мен қалалық ішкі саясат бөлімі бірігіп ұйымдастырды. Зияткерлік іс-шараға өңірдегі жоғары оқу орындарының 30-дан астам студенті, комплаенс-офицерлер мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
