Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ЕСІРТКІ САУДАЛАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖЕЛІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ: 24 АДАМ ҰСТАЛДЫ

Caspian News, 4 желтоқсан. Қазақстанда халықаралық есірткі тарату желісінің ірі қылмыстық схемасы анықталды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шымкентте интернет-дүкендер арқылы синтетикалық есірткі сатқан қылмыстық топ $7 миллионнан астам табыс тапқан. Тергеу нәтижесінде:

  • Халықаралық желіге 300-ден астам адам қатысқаны анықталды;

  • Қылмыстық топтың 24 мүшесі ұсталды;

  • Жалпы құны 500 млн теңгеден ($1 млн) асатын мүлікке тыйым салынды.

Нарколабораториялар жабылды

Шымкент қаласында заңсыз синтетикалық есірткі өндіретін екі зертхана анықталып, олардың жұмысы тоқтатылды. Арнайы операция кезінде:

  • 6,1 кг мефедрон,

  • 2,1 тонна прекурсор (есірткі жасауға пайдаланылатын химиялық заттар) тәркіленді.

Ұлытау мен Маңғыстауда да желілер анықталды

Ұлытау және Маңғыстау облыстарында әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істеген онлайн-дүкендердің ісі де әшкереленді. Қылмыскерлерден:

  • 4,8 млрд теңгеден астам қаржы,

  • $900 мыңнан астам цифрлық активтер мен қолма-қол ақша тәркіленді.

Бас прокурор Асыловтың айтуынша, аталған істердің барлығы сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз...

ЖЫЛЫОЙЛЫҚ БАҒБАН ЖҮЗІМНІҢ 16 ТҮРІН ӨСІРІП ОТЫР

«МЕРЕЙЛІ МҰНАЙШЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылорда облысында студенттерге жарты жыл шәкіртақы берілмеген