Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Шетінеген нәрестелерге дұрыс диагноз қойылмаған

Атырау, Caspian News.

Атырау облыстық Перинаталдық орталығында шетінеген нәрестелердің көпшілігіне дұрыс диагноз қойылмаған. Сарапшылар  қойылған негізгі клиникалық, патология-анатомиялық диагноздардың 15 %-ын ғана растап отыр.

 

Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. «Өлім-жітім деректерінің 82%-ына, яғни көз жұмған 12 балаға бактериялды сепсис, 4 балаға басқа да диагноздар қойылды. Қыркүйекте 35 сәби өліміне қойылған диагноз сарапшылармен расталса, ал 65-і расталмады.

 

Сондай-ақ, сараптама нәтижесі перзентханада санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті сақталмауы себептіе қыркүйек айында ауруханаішілік инфекциялардың көбейгенін көрсетті. Бұл дерек мониторинг кезінде эпидемиологиялық тексеру нәтижелерімен расталыпты.

 

 

 

 

 

 

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

СИНОПТИКТЕР ҚАРАШАДАҒЫ КҮН РАЙЫНА БОЛЖАМ ЖАСАДЫ

Көпбалалы аналар 1 сәуірден бастап көмек алуы тиіс — Назарбаев