Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Шалқар Ақымғалиевтің отбасына әріптестері 30 миллион теңгеге жуық қаражат жинап берді

Атырау, Caspian News.

21 наурыз күні орталық көпірден Жайық өзеніне секірген келіншекті құтқарам деп суға кеткен полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің отбасына әріптестері 30 миллион теңгеге жуық қаражат жинап берді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың айтуынша, Шалқардың отбасына көрсетіліп жатқан көмек мұнымен тоқтап қалмай, ары қарай да өз жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, еліміздің бас полицейі батырдың отбасының ішкі істер органдарының әлеуметтік қолдау қорының қамқорлығына алынғандығын да айтты. Сонымен қатар, марқұм Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға да ұсынылуда.

Оқи отырыңыз...

«ЖАҢАТАЛАП» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

ДИПЛОМДАР ШЕТЕЛДЕ ТАНЫЛАДЫ: СЕНАТ ЮНЕСКО-НЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЛІСІМІН МАҚҰЛДАДЫ

АТЫРАУЛЫҚТАРДЫҢ 30 %-ДАН АСТАМЫ БЮЛЛЕТЕНЬ АЛДЫ