Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратБизнесЖаңалықтар

САУДА МИНИСТРЛІГІ WILDBERRIES ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІРІЛУІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Caspian News, 29 шілде. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Wildberries компаниясының логистикалық қоймаларын Ресейден Қазақстанға көшіруі мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, компания тарапынан ресми өтініш түспегенін мәлімдеді. Ведомство өкілдері мұндай ұсыныстар түскен жағдайда, олар ел мүддесі мен заңнама талаптарына сәйкес келсе, қарастыруға дайын екендігін атап өтті.

Министрлік Қазақстан үшін жай ғана қоймалар салу емес, елге инвестиция тартатын, жаңа жұмыс орындарын ашатын және отандық бизнестің дамуына септігін тигізетін жобалардың маңызды екенін жеткізді. Сонымен бірге, ешқандай жекелеген компанияға ерекше жеңілдіктер мен жағдайлар жасалмайды — нарықтың барлық қатысушылары үшін бірыңғай ережелер қолданылады.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Wildberries Ресейдегі логистикалық қиындықтарға байланысты Қазақстаннан 100 мың шаршы метрге жуық қойма орнын іздеп жатқанын хабарлаған болатын. Компанияның өзі инфрақұрылымды жоспарлы түрде дамытып жатқанын түсіндірді: қазіргі уақытта Алматыда ауданы 100 мың шаршы метрден асатын, ал Астанада 160 мың шаршы метрді құрайтын ірі логистикалық орталықтардың құрылысы жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз...

Қ.ТОҚАЕВ: «ТАРИХТЫ АРАЗДЫҚ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫРУҒА БОЛМАЙДЫ»

УЖЕСТОЧИТЬ НАКАЗАНИЕ БЛОГЕРАМ ТРЕБУЮТ ПОЛЬЗОВАТЕЛИ СОЦСЕТЕЙ

ТҰРҒЫНДАР ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНЫҢ ЖӨНДІ ТАЗАЛАНБАЙ ЖАТҚАНЫНА РЕНІШ БІЛДІРДІ