Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпарат

САТУШЫСЫЗ ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Мұнайлы шаhарда сатушысыз дүкен ашылды! Атырау мұнай және газ университетіндегі «адалдық алаңында» тұтынушылар сатып алған затының ақысын арнайы ыдысқа салып кете алады. Ерекше дүкен «Саналы ұрпақ» жобасы аясында Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қолдауымен ашылды. Басты мақсат – жастар арасында парақорлыққа қарсы пікір мен мәдениет қалыптастырып, өздерін сынауға мүмкіндік беру. Алғаш рет мұндай дүкен Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде ашылған болатын. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жоба республиканың барлық қаласында жүзеге асырылады дейді.

 

Оқи отырыңыз...

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» МАМЫР АЙЫНДА ГЕРМАНИЯҒА МҰНАЙ ЖӨНЕЛТПЕДІ: ЭКСПОРТ БАСҚА ПОРТТАРҒА БАҒЫТТАЛДЫ

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

NCOC КАСПИЙ ТҮБІН ТЕРЕҢДЕТУ ЖӘНЕ ИТБАЛЫҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ