Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

САНЫМЫЗ КӨБЕЙДІ, СӘБИ ӨЛІМІ ДЕ…

Соңғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Атырау облысы халқының саны 630 мыңнан асты. Оның 52 пайызы қала тұрғындары. Ал, өлім-жітім саны өткен жылмен салыстырғанда бір пайызға кеміген. Дегенмен, бір жасқа дейінгі нәрестелер өлімі көбейіп отыр. Мысалы, биыл дүниеге келген 13 мыңға жуық шақалақтың 70-ке жуығы шетінеп кетіпті. Облыс бойынша дүниеге сәби әкелу жағынан қалалықтар мен Жылыой ауданының келіншектері көш бастап тұр.

Мамандардың айтуынша, өмір сүру ұзақтығы ерлер арасында 69, ал әйелдер арасында 77 жасты құрап тұр. Аймақтағы этностардың басым бөлігі — орыс диаспоралары. Одан кейінгі орында кәріс, татар және өзбек ұлтының өкілдері.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДАҒЫ ОТБАСЫ ТРАГЕДИЯСЫ: ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ӨЛТІРІЛГЕН

Батыс Қазақстан облысында балықтар қырылып қалған: Желіде видеосы жарияланды (видео)

Атыраулықтардың 70 пайызы маусымдық аллергиямен ауырады