Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚҰРМАНҒАЗЫДА ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Құрманғазы ауданында балық қабылдайтын жаңа цех іске қосылды. «Байда» ауылдық округіндегі «Перевалочный» учаскесінде орналасқан нысан «Каспий-Балық» өндірістік кооперативіне тиесілі. Жобаның жүзеге асуы үшін әзірбайжандық «Нұрсейіт-Сахиб» компаниясы да инвестиция салыпты. Бірлескен жобаның құны — 500 млн.теңге. Ашылғанына айға жуық уақыт өтсе де, мұнда 250 млн теңгенің жұмысы атқарылған. Цехтың ауданы 2500 шаршы метр. Күніне 30 тонна балық қабылдап, жылына 1500 тонна өнім өңдей алады. Цехтағы балық қатыратын 5 камераның әрқайсысының сыйымдылығы 15 тонна. 400 тонна су маржанын сақтайтын арнайы орын және бар. Қазір мұнда ауылдың 30 тұрғыны жұмыс істеп жүр.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/1268419130428881

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУЛЫҚ БИШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЕКІ БІРДЕЙ ГРАН-ПРИ ИЕЛЕНДІ

«АҚЖАЙЫҚ» РЕЗЕРВАТЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

4 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРЕДІ