Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Ресейде федералды қауіпсіздік қызметінің ғимаратында жарылыс болды

Ресейдің Архангельск қаласында федералды қауіпсіздік қызметінің ғимаратында жарылыс болды деп жазады Новая газета басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Алдын ала ақпарат бойынша бір адам қаза тапты», — деп хабарлады жәдел жәрдем қызметкерлері.

Орталық есіктің жанында тұрған ер адам медициналық көмек көрсетіліп жатқан бойда тіл тартпай кеткен.

Қаза болған адам басқарма қызметкері емес, оның аты-жөні анықталуда.

Архангельск қаласының губернаторы Игорь Орлов үш адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Ғимараттағы адамдардың барлығы эвакуацияланды.

Оқи отырыңыз...

ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЯСЫН КЕҢЕЙТТІ

«Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ШЕЖІРЕСІ: ІЛИЯ ЖАҚАНОВ 90 ЖАСҚА ТОЛДЫ