Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

РӘМІЗДЕР КҮНІ АУДАНДАРДА: КӨК БАЙРАҚ ҰЛЫҚТАЛЫП, ӘНҰРАН ШЫРҚАЛДЫ

Caspian News, 4 маусым. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні Атырау облысының аудан орталықтарында жоғары патриоттық рухта, сән-салтанатымен атап өтілді. Өңірлердегі орталық алаңдарда еліміздің басты атрибуттары ұлықталып, салтанатты жиындар, шерулер мен спорттық шаралар ұйымдастырылды.

🏛 Мақат ауданы: «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы»

Мақат ауданының орталығындағы Рәміздер алаңында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды. Жергілікті өнерпаздар патриоттық әндерді орындап, жиналған қауымның көңіл-күйін көтерді.

Анар Сағындықова, Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы: «Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұран — тәуелсіз еліміздің егемендігі мен бірлігінің, тарихы мен болашағының айқын көрінісі. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз, еліміздің тұғыры биік, туымыз әрдайым көкте желбірей берсін.»

🏛 Махамбет ауданы: Ұлықтау рәсімі және өнер мектебінің тартуы

Махамбет ауданының орталық алаңында өткен ту көтеру рәсіміне мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан құралған 300-ге жуық адам қатысты. Олар көкте желбіреген Көк Туды тамашалап, Әнұранды бірге шырқады. Мерекелік шарада Зәмзәм Ещанова атындағы аудандық балалар Өнер мектебінің оқушылары мен «Өнерпаз» мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

Аманжан Тілегенов, Махамбет аудандық ЖРО мәдени іс-шараларды үйлестірушісі: «Жастар ресурстық орталығы — еліміздің тыныштығына, бейбіт өміріне атсалысып жүрген жастар. Мемлекеттік рәміздерімізге әрдайым құрмет көрсетіп жүрейік! Бүгінгі рәміздер күні құтты болсын, ағайын! Туымыз көкте желбірей берсін!»

🏛 Жылыой ауданы: Саптық шеру мен жанды дауыстағы Әнұран

Жылыой ауданында мерекелік шара ауқымды саптық шерумен басталды. Құлсары қаласының «Орталық стадион» автотұрақ алаңынан Рәміздер алаңына дейінгі аралықта өткен шеруге ішкі істер органдарының қызметкерлері, білім және мәдениет саласының мамандары, балабақша тәрбиешілері, оқушылар мен еріктілер қатысты. Шеруден кейін Рәміздер алаңында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран жанды дауыста орындалды.

Ербол Шымырбай, Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы: «»Мемлекеттік рәміздер – ел негізі» деп аталған бұл шараға 500-ге жуық қызметкер қатысты. Оның ішінде ауданымыздың Жастар ресурстық орталығының балалары, полиция басқармасының өкілдері, мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері бар. Барша жылыойлықтарды бүгінгі 4 маусым – Рәміздер күнімен құттықтаймын. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін.»

🏛 Исатай ауданы: Жастарға сенім және «Qyzmet Cup» турнирі

Исатай ауданындағы мерекелік шаралар «Тәуелсіздік» алаңында бастау алды. Мұнда жиналған 300-ге жуық тұрғын Әнұранды бірге орындап, патриоттық әндер тыңдады. Салтанатты жиында Мемлекеттік Туды көтеру мәртебесі жас мемлекеттік қызметшіге сеніп тапсырылды.

Бекзат Қуандықұлы, Аққыстау ауылдық округінің бас маманы: «Бүгінгі ту көтеру рәсімі жас мемлекеттік қызметші ретінде маған берілді. Мемлекеттік қызметке келгеніме бір жылға жақын уақыт болды, бұл мен үшін үлкен абырой. Барша Қазақстан азаматтарын Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елге қызмет ету — мен үшін үлкен абырой мен міндет.»

Мереке аясында ауданда мәдени шаралардан бөлек танымдық және спорттық сайыстар да ұйымдастырылды:

  • Футбол турнирі: Мекеме қызметкерлері арасында екі күнге созылған «Qyzmet Cup» аудандық футбол турнирі өтті.

  • 🎨 Шығармашылық: Аудан жастары арнайы ұйымдастырылған сурет байқауына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Оқи отырыңыз...

Есірткі сатқан атыраулық 10 жылға бас бостандығынан айырылды

На трассе в Атырауской области задержана Lada, набитая осетрами

Қазақстанда орташа жалақы 164 мың теңгеден асты