Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ПЫСЫҚАЙ КӘСІПКЕР ҰСТАЛДЫ

Атырауда халықтың белгілі бір бөлігін жұмыспен қамту үшін бюджеттен бөлінген ақшаны жымқыру деректері анықталды. Солардың бірі – жергілікті кәсіпкер қалалық жұмыспен қамту орталығымен өзара келісім-шарт жасасып, өз мекемесінің есепшотына белгілі мөлшердегі қаражат аударып тұрған. Алайда, тексеріс барысында оның бір жарым млн теңгені қолды қылып, сегіз адамға ешқандай жұмыс орнын ұсынбағандығы анықталды.

Бұл аздай, азамат жұбайын да жеке кәсіпкер атандырып, заңды түрде салық органдарына тіркелген. Осыдан кейін қалалық жұмыспен қамту орталығымен азаматтарды әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз ету туралы бес млн теңгеге келісім шарт жасапты. Алайда құжатта көрсетілген 20 адам сол күйі жұмыссыз қалған.

Оқи отырыңыз...

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ КАРТАЛАРЫН 15-ші ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҚАЙТА ТІРКЕУ КЕРЕК

БЕЙНЕУДЕ ГАЗ ЖАРЫЛЫП, БЕС БӨЛМЕЛІ ҮЙДІҢ КҮЛ-ТАЛҚАНЫ ШЫҚТЫ

БРАКОНЬЕР – ИНСПЕКТОРЛАР ҰСТАЛДЫ (видео)