Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ПОЛИЭТИЛЕНТЕРЕФТАЛАТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

Атырауда «терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауыты» құрылысының жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Оған қоғам белсенділері, экологтар, депутаттар мен жобаға жауапты КМГПетрохем компаниясының өкілдері қатысты. Аталған мекеме «Қазмұнайгаздың»100 пайыз еншілес компаниясы. Жаңа нысан Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасады. Аумағы 103 гектар болмлақ. Полиэтилентерафталаттың басқаша аты – термопласт. Тұрмыста кеңінен қолданылатын соққыға төзімді полимерден күнделікті өмірде қолданылатын бұйымдар – бөтелке, контейнер, пленка, арнайы жіп, киім, шина, тіпті мата да жасалады, — дейді «КМГПетрохем» өкілдері.
Толығырақ https://fb.watch/lhBKA9sT_G/

Оқи отырыңыз...

МАҢҒЫСТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ БІР ТОП АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ

БЫЛТЫР МАҢҒЫСТАУҒА 450 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛГЕН