Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады

Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың — 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды», — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.

Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді.

Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.

«Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз...

АРДАГЕР ВЕЛОСАЯХАТШЫ 2 АЙДА ҚАЗАҚСТАНДЫ АРАЛАП ШЫҚПАҚ

АТЫРАУДА 120-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

АМӨЗ-дегі жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды