Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ОРЫНБАСАРЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті енді осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған Нұрлан Таубаев атқармақ. Ол тұрғын үй-коммуналдық-шаруашылық және құрылыс саласына жетекшілік ететін болады.

Нұрлан Таубаев 42 жаста. Еңбек жолын 90-шы жылдары кәсіпкер ретінде бастаған. Кейін қалалық әкімдіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы болды. Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне де басшылық етті.

Айта кетейік, 2017-ші жылдың наурыз айынан бері Атырау облысы әкімінің орынсабасары қызметін атқарған Жасұлан СҮЙІНШӘЛИЕВ өз қалауы бойынша жұмыстан босатылды.

 

Оқи отырыңыз...

ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫ: АТЫРАУҒА ШІЛДЕ АЙЫНА 6882 ТОННА АВТОГАЗ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН — БАСҚАРМА ҮСТІНЕН ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Атырау облысында 1 жылда 92 қызметтік үй сатып алынған

Ақпандағы ауа-райы қалай болмақ? (видео)