Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАқтөбе жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

ОЛИГАРХТАРДАН ҚАЙТҚАН 5 МЛРД ТЕҢГЕ АҚТӨБЕНІ 30 ЖЫЛ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Caspian News, 5 тамыз. Ақтөбе облысында ауыз су инфрақұрылымын дамытуға Заңсыз активтерді қайтару (Арнаулы мемлекеттік) қорынан 5 миллиард теңге бөлінді.

Бұл қаражат Ақтөбе қаласынан 56 шақырым жерде орналасқан Сарыбұлақ жер асты сулары кен орнынан топтық су құбырын салу жобасына бағытталады. Жоба облыстағы қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй алаптарындағы коммуналдық желілерге түсетін жүктемені азайтуға арналған.

🏗️ Жоба аясында атқарылатын жұмыстар:

  • Бұрғылау және жабдықтау: Сарыбұлақ кен орнында 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, заманауи сорғы инфрақұрылымымен жабдықталады.

  • Құбыр тарту: Құбыр желілері Ақтөбе қаласының Батыс-1, Батыс-2 және Батыс-3 қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарына жүргізіледі.

  • Су көлемі: Нысан іске қосылған соң Ақтөбе қаласы, сондай-ақ Алға және Мұғалжар аудандарының елді мекемелері тәулігіне қосымша 70 мың м³ ауыз су алады. Оның 25 мың м³ Ақтөбе қаласының жаңа мөлтек аудандарына бағытталады.

  • Тұрақтылық кепілі: Сарыбұлақ кен орнының барланған қоры өңірді алдағы 30 жыл бойы үздіксіз әрі тұрақты сумен қамтамасыз етуге жетеді. Құрылыс жұмыстары биыл басталады.

📊 Активтерді қайтару қорының жалпы көрсеткіштері:

  • Мемлекетке қайтарылған активтер: Жалпы сомасы 1,076 триллион теңгеден асады (жалпы жиынтық шаралар сомасы 1,3 трлн теңгеден асады).

  • Мақұлданған жобалар: 2024–2026 жылдар аралығында Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 610 миллиард теңгеден астам сомаға 500-ден астам әлеуметтік жоба мақұлданған.

  • Су инфрақұрылымы: Қор қаражатының басым бөлігі – 226,5 миллиард теңгеге бағаланған 267 жоба тікелей елді мекендердің ауыз су жүйесін дамытуға жұмсалуда.

Оқи отырыңыз...

ДЕПУТАТТАР ПРОКУРОРЛАРДАН KUS КОМПАНИЯСЫН ТЕКСЕРУДІ СҰРАМАҚ

АСТАНАДА ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Мәскеуде адамдар толып тұрған көпір қирады