Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ЖАҢА ТӘРТІП

Қоғамдық көліктерде жана тәртіп! Енді атыраулық жолаушылар автобустың тек алдыңғы есігінен кіріп, шығар кезде артқы есікке қарай жақындайды.

Бұл ереже республика бойынша әзірге тек елорда мен Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде қолданылады. Ал Атырауда әзірге пилоттық режимде №14 бағытта қатынайтын автобусқа енгізіліп отыр. Жолаушыларға жаңа тәртіпті түсіндіру үшін кондуктордан бөлек қосымша тағы бір адам жұмыс істейді. «Біраз уақыт тұрғындардың көзқарасын бақылаймыз. Жүйенің толықтай қолданысқа енуі тікелей соған байланысты» ,- дейді «Смарт Атырау» коммуналдық мекемесінің басшылары.

Яғни,бұл бастама қоғамдық көліктегі тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі.Егер тұрғындар жаңашылдықты жатсынбай, үйреніп кетіп жатса,бұл алдағы уақытта басқа бағыттардағы автобустарда да қолданылмақ. Бүгінде қала бойынша №14 бағытта жүретін 20 шақты автобус бар. Ал жалпы шаhар бойынша қоғамдық көліктің саны 170-ке жуықтайды.

Күнайым Сәкен, Айбек Жаңай, КН

Оқи отырыңыз...

«СИЛЛЕНО» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

На трассах воруют дорожные знаки, ограждения и трансформаторы под освещение

АТЫРАУСКАЯ ОБЛАСТНАЯ БОЛЬНИЦА ЗАКРОЕТСЯ НА КАПРЕМОНТ