Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАХАМБЕТТЕ 22, ИНДЕРДЕ 15 ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ДАЙЫН ТҰР

МАХАМБЕТТЕ 22, ИНДЕРДЕ 15 ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ДАЙЫН ТҰР

 Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылында 300 адамға дейін қабылдай алатын эвакуациялық пункт дайындалды. Ол Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында ашылған. 10 сәуірде су тасқынына байланысты Махамбет ауданындағы барлық мектеп онлайн оқу форматына көшкен еді. Ал, 11 сәуірде мектептер аймақ халқын қабылдауға дайындықты бастап кетті. Жалпы Махамбет ауданында халықты эвакуциялау үшін 22 пункт дайын тұр.

 Индер аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өкілінің сөзінше Жайық тасып, халықты көшіру қажеттілігі туындаған жағдайда эвакуациялауға 150-ге жуық қызметкер жұмылдырылмақ. Жалпы аудан бойынша 1600 орындық 15 эвакуциялық пункт дайын. Соның бірі — Индербор кентіндегі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп базасында орналасқан.

  6-мамыр күні Жайық өзенінің деңгейі Индер ауданының маңында 884 см-ге жетті. Ал, Махамбет ауданы тұсында бір тәулікте 15 см-ге көтеріліп, бүгін 861 см боп тұр. Қауіпті деңгейден 11 см-ге артық.

 

 

Оқи отырыңыз...

Батыста шаңды дауыл болады: мереке күндеріндегі ауа райы

В Атырау создана межведомственная группа по защите интеллектуальной собственности

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 102 НӨМІРІНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 3000 ХАБАРЛАМА ТҮСКЕН