Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР «АДАЙ АТА – ОТПАН ТАУ» КЕШЕНІНДЕ АМАЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУДА

Маңғыстау халқы «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне жиылып, Амал мерекесін тойлауда. Тау етегіне 50 шақты ақшаңқан киіз үй тігіліп, жергілікті халық жан-жақтан жеткен қонақтарды қарсылап жүр. Отпан тарихи-мәдени кешенінде Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандары мен Жаңаөзен қаласы өнерпаздары көпке мерекелік көңіл-күй сыйлап, айналаны ән-думанға бөлеп жатыр. Және қазақ күресі, түйе палуан сияқты ұлттық спорт сайысы ұйымдастырылып, «Сәлем — сөздің атасы» және «Қарақазаннан дәм тату» мерекелік іс-шарасы да ұйымдастырылуда. Сондай-ақ Жыңғылдыдағы ипподромда өтіп жатқан аламан бәйгеге 40-қа жуық тұлпар қосылды.

Оқи отырыңыз...

БЫЛТЫР АТЫРАУДА 226 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН

Атырауда өрт салдарынан 6 адам қаза тапқан

ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ: БЕНЗИН БАҒАСЫНЫҢ КҮРТ ӨСУІНЕ НЕГІЗ ЖОҚ