Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

21 мамыр — мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні. Соған орай Атырауда музей және мәдениет үйінің мамандары арасында спартакиада өтті. Оған Алмалы және Құрманғазы мәдениет үйлері мен облыстық өлкетану және Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы өнер музейінің қызметкерлері қатысты. Олар 100 метрден эстафеталық жүгіру, қол күресі, арқан тарту және «Көңілді старт» эстафетасы сынды кезеңдер бойынша бақ сынасты.
Толығырақ: https://fb.watch/kJsbTKWXQj/

Оқи отырыңыз...

1-ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚАШАҒАНДАҒЫ ӨНДІРІС ТОҚТАУЫ МҮМКІН

БАЛЫҚШЫЛЫҚТАРДЫ НЕ АЛАҢДАТАДЫ?

Азат Сұлтанов: Диқандар жанар-жағармай тапшылығынан қорықпаса болады Ресейдегі жанар-жағармай нарығындағы дүрбелеңге қарамастан, қазақстандық фермерлерге алаңдауға негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәлімдеуінше, дизель отынының кепілдендірілген көлемі бекітілген кестеге сай бөлініп жатыр. Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына аграршылар үшін 402 мың тонна дизель отыны бөлінген. Бұл — жыл сайын тұрақты түрде бөлінетін дәстүрлі көлем. Егер фермерлерде пайдаланылмаған отын қалдығы болса, оны өсімдіктерді күтіп-баптау мен химиялық өңдеу жұмыстарына жұмсауға құқылы. Аймақтардан түскен жалпы өтінім көлемі шамамен 800 мың тоннаны құрайды (бұл көрсеткішке астық пен майлы дақылдарды кептіруге арналған отын кірмейді). Еліміздің әр өңірінде өзіндік мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) жұмыс істеп тұр. Вице-министр зауыттардың үздіксіз жұмысы егіс науқанының тоқтап қалуына жол бермейтінін айтып, шаруаларды сабырлыққа шақырды.