Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Әлем жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

🌎📢 ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 02.11.2023Ж.

🌎 ИТАЛИЯДАҒЫ КОМО КӨЛІ АРНАСЫНАН ТАСЫДЫ
Италияның солтүстігіне күшті дауыл салдарынан Комо көлі арнасынан тасып, Милан орталығын су басты. Kazinform агенттігі бұл туралы CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
🌎 «КИРАН» ДАУЫЛЫ ФРАНЦИЯНЫ ӘЛЕККЕ САЛУДА
Синоптиктердің айтуынша, «Киран» дауылы сәрсенбі күні кешке елдің солтүстік-батысына жеткен. Бретаньнің екі департаменті мен Нормандияның бір департаментінде дауылға байланысты ауа райы қаупінің қызыл деңгейі жарияланды. Kazinform агенттігі бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
🌎 БЕТТІ ЖАУЫП ЖҮРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Өзбекстанда бетті жауып тұратын киім киюге айыппұл салу ресми түрде енгізілді.
Бұл туралы Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев заңнамаға өзгертулер енгізуге қол қойды. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Ерекшелік медициналық диагноз немесе рецепт бойынша, сондай-ақ жұмысқа және қызметке байланысты бетті жасыратын киім болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз...

NO COMMENT — Мнения о переимоновании улиц

МАҚАТТА ПОЙЫЗ ТОНАҒАН 4 ЖІГІТ СОТТАЛДЫ

АҚТАУДА «МАЭК» КОМБИНАТЫНА ҚАРАСТЫ КАНАЛ ТЕРЕҢДЕТІЛІП ЖАТЫР