Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Әлем жаңалықтары

🌎📢ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 01.12.2023Ж.

🌎ЭКВАДОР ПАРЛАМЕНТІ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІ ЖЕМҚОР ДЕП ТАНЫДЫ
Бейсенбі күні Эквадор парламенті бұрынғы президент Гильермо Лассоны мемлекет қаражатын жымқырды деп танып, ақпаратты прокуратураға жолдады. Kazinform бұл туралы ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
🌎ИЗРАИЛЬ ХАМАСҚА ҚАРСЫ СОҒЫСТЫ ҚАЙТА БАСТАЙДЫ
Газа секторындағы бітім мерзімі аяқталды. Израиль армиясы Газа секторындағы соғыс қимылдарын қайта бастайтынын мәлімдеді. Kazinform бұл туралы ЦАХАЛ ресми аккаунтына сілтеме жасап хабарлайды.
🌎ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНА ӘСКЕРИ КЕМЕ ЖІБЕРДІ
Ұлыбритания Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысынан кейін Иран мен ол қолдайтын топтардың кеме қатынасына ушығып бара жатқан қауіп-қатерді ауыздықтау үшін Парсы шығанағына өзінің ең сұмдық әскери кемелерінің бірін жібереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
🌎ИЕРУСАЛИМДЕ ТЕРАКТ БОЛДЫ
30 қарашада Иерусалимге кіре берісте теракт болды. Қарулы лаңкестер аялдамада тұрған адамдарға оқ жаудырған. Кейінгі мәліметтерде үш адам – 24 жастағы қыз, қарт ер және әйел қаза тапқаны айтылады.
🌎ҚЫЗҒЫЗСТАНДА САУДАГЕРЛЕР НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШЫҚТЫ
1 желтоқсанда Қырғызстанның бірнеше қаласында базардағы саудагерлер наразылық акциясына шықты. Олар касса аппараттарын енгізуден бас тартып, патент жүйесін қалдыруды талап етті.

Оқи отырыңыз...

ФИФА-2026: ЖАРТЫ МИЛЛИАРД АДАМ БИЛЕТКЕ ӨТІНІМ БЕРІП, ТАРИХИ РЕКОРД ОРНАТЫЛДЫ

🌎📢ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 06.12.2023Ж.

УКРАИНА РЕСЕЙДІҢ БІРНЕШЕ МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ