Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

КОРОНАВИРУС: ҚОЛДЫ ЖУУ ТӘРТІБІ

Ақ халаттылар біздің елді де айналып өтпеген коронавирус індетінен сақтану жолдарын қатаң ұстануды талап етіп отыр.

Оның ең негізгісі — жеке гигиена. Дәрігерлер қол жуудың ережесін ауруханаға түскен балалар мен олардың аналарына да үйретіп жатқандарын айтып отыр.

Айта кетейік, Атырау облысында короновирус жұқтырғандар тіркелген жоқ. Аймақта күні бүгін 6 адам стационарлық және 1 адам үй карантинінде жатыр. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қауіпті вирусты анықтайтын арнайы тест жабдықтарының жеткілікті мөлшерде алынғандығын айтып отыр. Сондықтан ендігі жерде сынамаларды өзге қалаларға жібермей, 7 сағат ішінде өзімізде анықтауға болады.

Оқи отырыңыз...

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚҰРҒАҚ ШӨП ПЕН ҚАМЫСТЫ ШЫЛАУШЫННЫҢ КӨМЕГІМЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТЫП ОТЫР

АТЫРАУДА 15 МАУСЫМНАН БАСТАП СУҒА ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

МИНИСТРЛІК: «АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ» ЖОЛЫ БИЫЛ АШЫЛАДЫ»