Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ӘКІМНІҢ ЕСКЕРТУІ

Атырау, Caspian News.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қарамағындағыларға өз міндеттерін орындауды үлкен жауапкершілікпен атқару керектігін ескертті. Бұл жөнінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық комиссияның отырысында айтылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Атырау облыстық департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, өткен жылы аймақта 132 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркеліпті. Олардың көбі тұрғын үй-коммуналдық, жер қатынастары салаларында болған көрінеді. Бүгінде халықтың 80 пайызы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алады. Бұл атқарушылармен тікелей байланыс тәуекелділігін төмендетеді. Жер телімі, балабақша кезегі секілді қызметтер Атырау облысының геопорталы арқылы жүзеге асады. Аймақ басшысы басқа бағыттар бойынша да жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Өңірдің әр тұрғыны өз мәселелеріне жедел, нақты жауап алулары тиіс, -деді Нұрлан Ноғаев.

Оқи отырыңыз...

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер атыраулықтардың көңілін көншітпей тұр.

CNTV

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ АҚТАУҒА КЕЛДІ

АТЫРАУЛЫҚ АҚСАҚАЛДЫҢ ДЕНЕСІНЕ ТЕМІРДЕН ЕМЕС, АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР ДА ЖАБЫСАДЫ