Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҮКІМЕТ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР СЕКТОРЫНДАҒЫ КЕЙ САЛЫҚТЫ ӨНІММЕН ТӨЛЕУГЕ РҰҚСАТ БЕРМЕК

Caspian News, 24 қараша. Қазақстан Үкіметі жер қойнауын пайдаланушы компанияларға бірқатар салықты ақшамен емес, өндірілген өнімнің өзімен төлеуге мүмкіндік беретін жаңа ережені бекітті. Құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Өнім арқылы төленетін салықтар

Жаңа тәртіпке сәйкес, мұнай, газ, металл және басқа да пайдалы қазбаларды өндіретін компаниялар келесі төлемдерді өнім түрінде жүзеге асыра алады:

  • Мемлекетке тиесілі үлесті;

  • Роялтиді;

  • Пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

  • Экспортқа салынатын ренталық салығын.

Мақсаттары

Мемлекет бұл өзгеріс арқылы бірнеше мақсатты көздейді:

  • Өндіруші компаниялардан қаржы орнына нақты өнім қабылдау мүмкіндігін арттыру;

  • Пайдалы қазбалардың көлемін, бағасын және қозғалысын бақылауды жеңілдету;

  • Кей кәсіпорындар үшін өніммен төлеу қаржылық тұрғыда тиімді болуы мүмкін.

Жаңа ереже жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілік пен бақылау жүйесін жетілдіруді көздейді.

Оқи отырыңыз...

ОПРЕДЕЛИЛИСЬ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА «МЕРЕЙЛІ МҰНАЙШЫ»

ЕМТИХАН ТАПСЫРЫЛМАЙДЫ

Когда придёт скоростной интернет в пригородные посёлки Атырау