Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Атырау, Caspian News.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Онда білім беру басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова «әскери прокуратура кадет» сыныбы туралы айтып өтті. Бұл сынып Батыс аймағы әскери прокуратурасы және Атырау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылы ашылыпты. Кадетке білімге құштар, спортқа бейім 24 оқушы қабылданған. Сынып оқушыларына әскери бағдарламамен қатар, робототехника, ән-би, спорт сабақтары өткізіледі.

Нұрлан Ноғаев мүндай тәрбиелік маңызы жоғары сыныптарды неге аймақтағы барлық мектептерден ашпасқа деген сауал қойды.

Оқи отырыңыз...

ҚАЙЫРШАҚТЫ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЗҒЫ СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

КТК МҰНАЙ ЭКСПОРТЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҮШІН ВПУ-3 АЙЛАҒЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ

«СЕНІМ ШЫҢЫ» ІСКЕ КІРІСТІ