Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе мәлімдеме жасады

Kaspi Bank басшысы Михаил Ломтадзе салымшыларға мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео компанияның ресми парақшасында пайда болды. Онда Михаил Ломтадзе Қазақстанда екенін және алдағы тұсаукесер жұмыстарымен айналысып жатқанын хабарлайды.

«Бүгін сенбі, 3 қараша. Көпшілігіңізге мен қалада жоқпын, сондықтан бізде қиындықтар болып жатыр деген хабарлама келген. Мен кеңседемін, жұмыс істеп жатырмын. (…) Сіздерге шын жүректен сенбіні жақсы өткізулеріңіді тілейміз», — дейді компания басшысы. Мұның алдында WhatsApp мессенджерінде белгісіз жігіт қазақ тілінде барлығына Kaspi-дегі шоттарын босатуға шақырған. Себебі басшылықтағылар кеткен-мыс. Жауап ретінде Kaspi компаниясы баспасөз қызметінің атқарушы директоры Маржан Елшібаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына басшысының 1 қарашада шыққан «Казахстанская правда» газетімен түскен суретін жариялады.

Фото: ©tengrinews.kz
Фото: ©tengrinews.kz

«Оның кабинетіне кірсем Казправданың жаңа басылымы тұр екен. Сенбейтіндер суретті жақындатып уақытын көрсе болады. Журналистердің бастық қайда деген сұрағына осылай жауап бердік…», — деп жазған Маржан Елшібаева.
https://www.instagram.com/p/BptaU8iAsVz/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Оқи отырыңыз...

ROBLOX БҰҒАТТАЛА МА? МӘЖІЛІСТЕ ТАНЫМАЛ ОЙЫНДЫ ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ: «САБЫР САҚТАҢЫЗДАР»

ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ