Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

КАРАНТИН ТӘРТІБІ КҮШЕЙТІЛДІ

Карантин тәртібі күшейтілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері қол қойған өзгертулерге сәйкес, қалада қоғамдық көліктер мен такси қозғалысына шектеу қойылды. Ал шаhар тұрғындарына жұмыс бабы бойынша, сонымен қатар, азық-түлік пен дәрі-дәрмек, одан өзге де аса қажетті заттарды сатып алу үшін тұрғылықты мекен-жайларына жақын жерге баруға, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайларда ғана сағат таңғы 6-дан кешкі 8-ге дейін жүріп-тұруға жол беріледі. Саябақтар мен алаңдар, жағалаулар, ойын алаңқайларының және басқа да демалыс орындарының жұмыс істеуі тоқтатылды. Карантинге байланысты үйге жеткізіп беру қызметіне көшкен қоғамдық тамақтану орындарына тасымал таңғы сағат тоғыздан кешкі сегізге дейін рұқсат етіледі. Ал кәсіпорындарға қызметкерлерінің көбін қашықтан жұмыс жасатуға міндеттелді. Бас санитарлық дәрігердің № 31 қаулысы қол қойылған сәттен, яғни, 14 сәуірден бастап заңды күшіне енді және 2020 жылдың 1 мамырына дейін жарамды.

Оқи отырыңыз...

РУХАНИЯТ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ: ИСАТАЙ АУДАНЫНДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР – ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ КЕПІЛІ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АТЫРАУЛЫҚТАР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

NCOC КОМПАНИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНА 5000 ОРЫНДЫҚ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ МЕН 500 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА САЛЫП БЕРДІ