Тілшілер мен белсенділер Жайық өзенінің оң жағалауында салынып жатқан кәріз суын тазарту кешенінің құрылысы мен «Квадрат» булану алаңын қалыпқа келтіру жұмыстарын көріп қайтты. Пресс-турды қала әкімдігі ұйымдастарды. Кәріз суын тазарту кешенінің құрылысы 2021 жылы басталған. Бірақ құрылыс материалдарының 30-40 пайызға қымбаттауына байланысты жобаға түзету енгізілуде. Соған қарамастан шаһар басшылығы жұмысты тоқтатпауды жөн көріпті. Қазір мұнда жерді тегістеу, бетон төсеу сынды жұмыс жасалып жатыр.
Толығырақ сілтемеде
