Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ДІЛМҰРАТ ҰСТАЛДЫ

Сауд Арабиясында «Салафит» ағымын ұстанып, заңсыз миссионерлік бағытта жұмыс істеп жүрген күдікті Ділмұрат Махаматов ұсталды. Бұл мәліметті қалалық «Шапағат» Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының» мамандары да растап отыр.

Мұхиддин Омаров, теолог:

— «Ділмұрат Абу Мұхаммад деген бауырымыздың ақиқатында Сауд Арабиясында құқық қорғау орталығының мамандарыменен оның абақтыға тоғытылғандығы жайындағы мағлұмат ақиқат. Оны біздің Атырау облыстық дін істер басқармасы тарапынан ақиқат екендігі дәлелденіп отқырған жайы бар. Қазіргі таңдағы оның қазақ еліне жүргізіп жатқан уағыздарының барлығы шариғат аясына қайшы екендігі белгілі болғандықтан, оған тосқауыл қойып отыр.

Ділмұрат Махаматов желі қолданушылары арасында «Дильмурат Абу Мухаммад» атымен таныс. Ол дінаралық және ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталуда.

Оқи отырыңыз...

Ақтауда заңсыз салынған үйді сүріп тастады

БЕЛСЕНДІЛЕР ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҒАДАН ҰЗАП КЕТУІНЕ НЕ СЕБЕП БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН АЙТТЫ

Повышение акцизов на спирт: какие будут цены спиртосодержащих лекарств