Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚҰНЫН КӨТЕРГЕН

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан. Облыстық экономикалық тергеу департаменті, полицейлер, сондай-ақ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде қаладағы косметологиялық клиникалардың біріндегі лицензиясыз сауда-саттыққа тоқтау салынды. Тінту барысында қазіргі уақытта дәріханалардан табыла бермейтін  парацетамол, ацетилин қышқылы, цефтриаксон және ледокаин сынды дәрілердің 5000-нан астам данасы тәркіленді. Пысықайлар олардың бағасын еселеп қымбаттатқан. Мәселен, парацетамолдың бір қорабын 800 теңгеден сатыпты.

Қаһарман ЖӘРДЕМОВ, Атырау облысы экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы

  • Қазіргі уақытта ҚР ҚК 214 бабы 1 бөлігі заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 201 бабына сәйкес басқа ақпарат тергеуге байланысты жариялануға жатпайды.

Облыстық экономикалық тергеу департаменті дәрілік препараттардың қымбаттағанын байқағандарға 35-42-10 сенім телефонына хабарласуды сұрайды. 

Оқи отырыңыз...

Тепло в дома жителей Атырау будет подано в течение часа

МЕЖДУНАРОДНЫЙ АЭРОПОРТ СТРОИТСЯ В КЕНДЕРЛИ

ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ