Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

COVID-19: ТАҒЫ ҮШЕУІ ЖАЗЫЛДЫ

Атырауда коронавирустан тағы үш адам жазылып шықты. Олар өңірдегі Covid-19 инфекциясын  жұқтырған алғашқы науқастардың бірі. Бұл мәліметті Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб беріп отыр. Емделіп шыққандар  —  үшінші емхананың медбикесі, «Нұр-Сұлтан — Атырау» бағытындағы пойыз бен «Стамбул-Атырау» рейсінің жолаушылары. Айта кетейік, осыған дейін қауіпті дертті 14 және 16 жасар екі науқас жеңіп шыққан болатын.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы

-Жазылып шыққандардың барлығы өздерін жақсы сезінеді.   Оларды медициналық мекемеден шығар кезде туыстары мен достары қуанышпен қарсы алдыЕнді ол кісілер 14 күн бойы үй карантинінде болады. Яғни, толықтай медициналық бақылауда болады.

Оқи отырыңыз...

БИЫЛ ҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮШІН 67 МЛН.ТГ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ

КАК В МАНГИСТАУ СОХРАНЯЮТ НАРОДНОЕ РЕМЕСЛО ПОСРЕДСТВОМ ФЕСТИВАЛЯ

МАУСЫМДАҒЫ АУА РАЙЫ