Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Атырауда жастар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтпек. Бұл шара «Жастар еңбек биржасы» жобасы аясында қолға алынып отыр. Ұйымдастырушы — «Жастар ресурстық орталығы» жәрмеңкені осымен биыл төртінші мәрте өткізіп отыр. Бұл – жұмыссыз жастардың облыс аумағындағы ірілі-ұсақты түрлі саладағы компания өкілдерімен тікелей кездесіп, тілдесулеріне жақсы мүмкіндік болмақ. Жәрмеңке 5-ші қазан күні сағат 10-да басталады.

СЕРІК ҚАДЫРОВ, «Жастар ресурстық орталығының» директоры:

— Шара Нұрсаяда орналасқан АПЕК жоғары колледжінің базасында өтеді. Ірілі-ұсақты компаниялар 256 бос жұмыс орынымен қатысады. Жылдың басында өткен еңбек биржасына 2000 жуық жұмыс іздеуші жастар қатысты. Бізде алдын ала тіркелу жоқ. Кез-келген қатысушыға есік ашық. Ірі компаниялардың бос жұмыс орындары жарияланатын болады. Өз бақтарыңызды сынап көріңіздер!

 

Оқи отырыңыз...

СОТ «АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ» БҰРЫНҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫН АҚТАДЫ

КОНКУРС ПО ПОДДЕРЖКЕ СЕМЕЙНЫХ ЦЕННОСТЕЙ ПРОШЕЛ В АТЫРАУ

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНА, ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ