Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

БҰРҒЫЛАУШЫЛАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Атырауда бұрғылау, техникалық қызмет көрсету мен геофизика бағытындағы жұмыстар мен мәселелер талқыланған конференция өтті. Оның басты мақсаты – бұрғылау жұмыстарымен айналысатын компаниялар үшін ең үлкен диалог алаңын құрып, коммерциялық және техникалық мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру. Іс-шараға ірі мұнай компанияларының, бұрғылаумен айналысатын отандық және шетелдік мекемелердің өкілдері мен осындай жұмыстың басы-қасында жүрген өзге де мамандар қатысты. Конференцияның ұйымдастырылуына бұрғылаушылардың 20 жыл бойы көтеріп жүрген мәселелері себеп болған. Яғни, айлық, жаңа технология, компаниялардың техникалық-материалдық базасы, тағысын тағы. Мәселені шешуге мемлекет, ірі мұнай компаниялары мен қазақстандық кәсіпкерлер атсалысу керек.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/1742491166180485

Оқи отырыңыз...

РЕСЕЙ МЕН БЕЛАРУСЬ ГИМНАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРГЕ ӨЗ ТУЫ ЖӘНЕ ӘНҰРАНЫМЕН ОРАЛАДЫ

АТЫРАУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨПІР: БИЛІК ЕСКІ КӨПІРДІ БҰЗБАЙ, ҚАСЫНАН ЖАҢАСЫН САЛМАҚ

Біздің қыздар — Жас әнші Дана Зулханова

CNTV