Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Жайық жағасының 46 шақырымын бекіткен бірнеше кәсіпкер қалалық әкімдіктен ақшасын ала алмай жүр. Солардың бірі – «АГК Групп» ЖШС директоры Әсемғали Қуанышев. Оның жұмысшылары төтенше жағдай кезінде 18 шақырымнан астам бөгет тұрғызған.
