Қазақстаннан 750 тонна мұнай өнімін шетелге заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілдері хабарлады. Жедел топ арнайы тексеріс жүргізіп, шекара маңынан 10-нан астам вагон-цистернаны анықтаған. Тәркіленген контрабандалық өнімнің жалпы құны 120 млн. теңгеден асады. Қазіргі таңда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеп-тексеру жүргізілуде. Еске салайық, Қазақстанда бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін елден шығаруға уақытша тыйым салынған.
