Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚаржы

ҚАЗАҚСТАНДА КІМГЕ НЕСИЕ БЕРІЛМЕЙДІ: 2027 ЖЫЛДАН БАСТАП ЕРЕЖЕЛЕР ӨЗГЕРЕДІ

Caspian News, 29 шілде. Қазақстанда қаржы нарығында тұңғыш рет «мінез-құлық қадағалауы» (поведенческий надзор) жүйесі іске қосылып, 2027 жылдан бастап несие беру ережелері түбегейлі өзгереді. Енді банктер, микроқаржы ұйымдары (МФО) және өзге де қаржы құрылымдары кез келген қарызды бекітпес бұрын, оның клиенттің қаржылық мүмкіндігі мен нақты қажеттілігіне қаншалықты сәйкес келетінін міндетті түрде тексеруге тиіс.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) бекіткен бұл реформаның басты мақсаты — қаржы ұйымдарын жазалау емес, тұтынушының құқығын несие рәсімделмей тұрып қорғау және халықтың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмау.

Жаңа ережелерге сәйкес, жоғары тәуекел тобына жататын азаматтарға несие алу айтарлықтай қиындайды. Олардың қатарында борыш жүктемесі тым жоғары, мерзімі өткен қарыздары бар немесе бұрын реструктуризация жасаған, сондай-ақ тұрақты табысы расталмаған және кредиттік тарихы тым қысқа заемшылар бар.

Экономист Төлеген Асқаровтың айтуынша, нарықты «салқындату» шаралары алғашқы нәтижелерін бере бастады. Егер 2021-2024 жылдары кепілсіз тұтынушылық несие өсімі жылына орташа 32%-ды құраса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол 14,6%-ға, ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 3,1%-ға дейін төмендеді. Бұл — соңғы алты жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Сонымен қатар, реформа аясында қаржылық омбудсменнің рөлі күшейтіліп, оның шешімдері банктер мен МФО үшін міндетті сипатқа ие болады. Ал «бір терезе» цифрлық платформасы арқылы азаматтар бірнеше кредитор алдындағы қарыздарын бір жерден реттеу мүмкіндігін алады.

Коллекторлардың да қызмет бағыты өзгеріп, олар тек қарызды өндіріп алушы емес, оны қайта құрылымдауға және реттеуге көмектесетін өкілге айналуда. Мораторий енгізілгеннен кейін коллекторлық агенттіктердегі проблемалық қарыз алушылар саны 877 мыңнан 341 мыңға дейін, яғни 61%-ға азайды.

Оқи отырыңыз...

МАҢҒЫСТАУДА 18 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ДЕТСКАЯ СПОРТШКОЛА ИЛИ ОТЕЛЬ — ЧТО ВАЖНЕЕ ДЛЯ АКТАУСКИХ ВЛАСТЕЙ?

Атыраулық полицейлерге тұрмыста зәбір көргенін айтып 5800 адам хабарласқан