Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Қазақстанда имамдарға жалақы тағайындалды

Қазіргі уақытта еліміз бойынша 2 мыңнан астам ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер.

Астанада дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, оларды жалақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен жиналыста оларға ең төменгі жалақы тағайындау туралы шешім қабылданды, деп хабарланды ҚМДБ ресми сайтында.

«Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша бүгін 103 ауыл имамына «Қажылық қоры» есебінен 50 мың теңге қаражат аударылды. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз», – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Еліміз бойынша, 2626 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.

Дереккөз: inform.kz

Оқи отырыңыз...

КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖӘШІГІНЕН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

АҚТӨБЕДЕ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

«Неге біреулер туып, басқалар асырау керек?»: Назарбаев көпбалалы жанұялар туралы айтты