Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратДенсаулықЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА 16 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛҒАННАН КЕЙІН АҒЗА ДОНОРЫ БОЛУҒА КЕЛІСІМ БЕРГЕН

Caspian News, 23 шілде. Қазақстанда ағза трансплантациясы саласында оң оң өзгерістер байқалуда. Соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі мәйіттік донорлар саны 49-дан 186-ға дейін, ал мультиоргандық донорлық үдерістері 3 есеге артып, 6-дан 18-ге жетті.

Соның нәтижесінде 2025 жылы елімізде 310 ағза трансплантациясы жасалып, оның 68-і мультиоргандық донорлық аясында жүзеге асырылды.

Дегенмен, бүгінгі күні елімізде 4 739 адам (оның ішінде 125 бала) өмірін сақтап қалатын ағзаны күтіп кезекте тұр.

🗣️ Айдар СЕЙІТҚАЗИНОВ, ҚР ДСМ Трансплантаттауды үйлестіру орталығының директоры:

«Донорлықты күтіп отырғандардың қатарында бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе ауыстыруды қажет ететіндер бар. Арасында 125 бала да донор күтуде. Олар үшін өмірін сақтап қалатын жалғыз мүмкіндік — трансплантация».

📲 eGov арқылы таңдау жасау және қоғамдағы мифтер

Бүгінде әрбір азамат қайтыс болғаннан кейінгі донор болу немесе одан бас тарту шешімін eGov порталы арқылы өз еркімен тіркей алады. Қазірге дейін 172 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасаған:

  • 16 109 адам — қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берген.

  • 156 174 адам — донорлықтан бас тартқан.

🛡️ «Ағзалар шетелге сатыла ма?» — Сала мамандарының ресми жауабы

Қоғам арасында «донордың ағзасы заңсыз пайдаланылуы немесе шетелге жіберілуі мүмкін» деген қауесеттер жиі айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мұның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

🗣️ Назгүл ЖЫЛГЕЛДИНА, Республикалдық орталық директорының орынбасары:

«Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес шетел азаматтарына транспланттау жасалмайды. Яғни, қазақстандықтардың ағзалары мен тіндері шетелдіктерге берілмейді».

Денсаулық сақтау министрлігі трансплантация саласының болашағы қоғамның донорлық мәдениетіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Бір адамның келісімі бірнеше науқасқа жаңа өмір сыйлай алады.

📊 Қазақстандағы донорлық пен трансплантация сандарда:

📋 Көрсеткіштер 🔢 Нақты сандар мен Деректер
Ағза трансплантациясын күтіп отырғандар 4 739 адам (125-і бала) ⏳
2025 жылы жасалған трансплантациялар 310 ота 🏥
eGov-та донор болуға келісім бергендер 16 109 адам
eGov-та донорлықтан бас тартқандар 156 174 адам

Оқи отырыңыз...

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ДЕНЬ СЛЕПЫХ

ВОЗМОЖНОСТИ ЭЛЕКТРОННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА

МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ СОТТАЛДЫ