Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласындағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН БИЫЛ КАСПИЙДЕ 18 МИЛЛИОН ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНДІРЕДІ

Caspian News, 6 қараша. Абу-Дабиде өткен кездесуде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «ExxonMobil» компаниясының аға вице-президенті Питер Ларден Солтүстік Каспий жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.

Кездесу барысында тараптар Кашаган кен орнындағы өндірістік көрсеткіштерге, жобаны уақтылы әрі тиімді іске асыруға, сондай-ақ қазақстандық қамтуды арттыруға ерекше назар аударды.

🔹 2025 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Кашаган кен орнында 13,6 миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл жоспарланған 13,4 млн тоннадан жоғары көрсеткіш.
🔹 Жыл қорытындысымен 18,25 миллион тонна мұнай өндіру көзделіп отыр.

Асхат Хасенов атап өткендей, Кашаган – Қазақстан мұнай-газ саласының стратегиялық жобаларының бірі, және оның тұрақты әрі қауіпсіз дамуы ел экономикасының өсуіне тікелей әсер етеді.

Кездесуде сондай-ақ Каспий теңізінің тайыздануы, теңіздегі операциялардың қауіпсіздігі, экологиялық тепе-теңдікті сақтау және экожүйені қорғау мәселелері де талқыланды.

Тараптар энергетикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және Каспий аймағындағы бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Оқи отырыңыз...

ҰЛУ — ҰТЫМДЫ ӘДІС?

УЖЕСТОЧИТЬ НАКАЗАНИЕ БЛОГЕРАМ ТРЕБУЮТ ПОЛЬЗОВАТЕЛИ СОЦСЕТЕЙ

КАПРЕМОНТ РАЙОННОГО ДОМА КУЛЬТУРЫ ЗАВЕРШИЛСЯ В КУЛЬСАРЫ