Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ 60 ПАЙЫЗЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАУІПТІ САНАЛАДЫ

Қазіргі кезде елімізде сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2500-ден астам құжат бар. Бірақ көпшілігі көнерген, бүгінгі күннің стандартына сай келмейді. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны бір ізге түсіріп, Үкіметке қала құрылысы кодексін әзірлеуді тапсырған еді. Және әр қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілері көрсетілген интерактивті карта жасауды тапсырған. Жуықта Атырауға арнайы келген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері жергілікті әкімдік, құрылыс компанияларының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, заң жобасын талқылады. Жобада құрылыс кезінде сейсмикалық талаптардың сақталуына баса мән берілген. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 60 пайызы сейсмикалық қауіпті деп есептеледі. Олардың арасында Атырау облысы да бар.
Толығырақ: https://fb.watch/kxuvJe9Mdc/

Оқи отырыңыз...

МАҢҒЫСТАУДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БИЫЛ 660 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

МАҢҒЫСТАУДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 200-ДЕН АСТАМ МЕКЕМЕНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

БЕЙНЕ ТАУЫП, ПАЗЛ ҚҰРАСТЫРДЫ: АТЫРАУДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «МУЗЕЙЛІК QUEST» ӨТТІ