Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 19-ҒА ЖЕТТІ

Атырау қаласында коронавирус жұқтырған 19-шы адам тіркелді

Қауіпті инфекцияны жұқтырған 35 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, науқас Қызылқоға ауданының тұрғынымен қарым-қатынаста болған көрінеді. Бұған дейін коронавирус инфекциясы анықталған 28 жастағы келіншектің облыстық ауруханада 2 адамға инфекция жұқтырғандығы анықталған болатын. Ал бүгін оның үшінші адамға да жұқтырғандығы мәлім болды.

Қазіргі уақытта науқас оқшауланып карантинге жатқызылды. Айта кетейік, бұл Атырау облысында Covid-19 инфекциясы анықталған 19-шы жағдай.

Оқи отырыңыз...

МҰСТАФА МӘҢГІЛІККЕ КӨЗ ЖҰМҒАН КҮН

АТЫРАУДЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ: ИТАЛИЯ СӘУЛЕТШІЛЕРІ ӘЗІРЛЕГЕН ҮШ ІРІ ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

ТҰРҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫМЕН СОТТАСҚАЛЫ ОТЫР