Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСТІ

Атырауда көлік басқарған 17 жастағы жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан қасында отырған 15 жастағы жолаушысы қаза тапты. Оқиға 19-қаңтар күні түнгі сағат 11 жарым шамасында Атырау-Дамбы тас жолының бойында болды. Нақтырақ айтқанда, жасөспірімдер мінген Lada Priora мен 25 жастағы жігіт басқарған Toyota Camry соқтығысқан. Денсаулық сақтау басқармасындағылар жол апатынан зардап шеккен екі адамның бірінің травматология, екіншісінің хирургия бөлімшесінде ем алып жатқанын айтты. Полицейлердің айтуынша, өткен жылы жол-көлік оқиғасынан 9 жасөспірім мерт болған.

Оқи отырыңыз...

АЛМАТЫДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛДАН КЕЙІН 12 ЖАСАР БАЛА ҚАЗА ТАПТЫ

БЮДЖЕТ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ: АТЫРАУДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК ТРЕНИНГ ӨТТІ

АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР АСҚАЗАН АУРУЫН АНЫҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ ТЕСТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ҮЙРЕТТІ