Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

АТЫРАУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН 160 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Caspian News, 4 тамыз. Атырауда мемлекеттік бюджет есебінен 160 құрылыс жобасы жүзеге асырылуда. Оның 57-сі облыстық құрылыс басқармасының тікелей тапсырысымен салынып жатыр.

Бұл туралы Кәсіби құрылысшылар күніне орай ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде мәлім болды. Алдағы екі жылда өңірде бірнеше қоғамдық кеңістіктер мен заманауи әлеуметтік нысандар халық игілігіне берілмек.

🕊️ 1. Бейбітшілік пен келісім сарайы (Ашылуы: 2026 жылдың қазаны)

Қала орталығында бой көтеріп жатқан еңселі нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып қалған. Нысанның жалпы құны – 13,4 миллиард теңге.

  • Орталықтың ішінде: 200 орындық конференция залы мен 90 орындық заманауи кинотеатр орналасады.

  • Дайындық деңгейі: 70 пайыз.

Алтынбек ҚУАНҒАЛИ, Атырау облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы: «Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Жобаға сәйкес, нысанды 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр».

🏛️ 2. Тарихи-өлкетану музейі мен концерт залы (Нұрсая мөлтек ауданы)

Нұрсая ықшам ауданында салынып жатқан 1 200 орындық салтанатты сарай өңірдің басты мәдени орталығына айналмақ. Бұл жерде республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге толық жағдай жасалады.

  • Ерекше сәулеттік шешім: Нысанның басты көркі – 40 метрлік домбыра мүсінінің басында орналасатын шолу алаңы (смотровая площадка) болмақ.

  • Заманауи жабдықталуы: Ғимарат халықаралық стандарттарға сай ең соңғы үлгідегі дыбыс және жарық құрылғыларымен қамтылуда.

Амандық ҚАПАРОВ, «Аспан холдинг» ЖШС-нің маманы: «Шетелден келетін заманауи жабдықтар өте көп. Концерт залындағы дыбыс беретін құрылғылар (колонкалар) мен жүйелердің бәрі ең соңғы үлгіде. Бұл зал әлемдік аренадағы үлкен халықаралық жиындарды, республикалық масштабтағы іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді».

🏥 3. Жаңа заманауи емхана (Өркен мөлтек ауданы)

Өркен ықшам ауданында іргетасы 2023 жылы қаланған 250 орындық жаңа емхананың құрылысы 60 пайызға аяқталған.

  • Жоба құны: 6 миллиард теңгеден асады.

  • Маңызы: Нысан толық пайдалануға берілгенде шағын аудан тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі.

  • Жоспар: Емхана толықтай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталғаннан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының теңгеріміне тапсырылады.

Оқи отырыңыз...

«JER ECO HUB» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 9 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

ПЕРВЫМ ПРОГОЛОСОВАВШИМ НА РЕФЕРЕНДУМЕ ВРУЧИЛИ СПЕЦИАЛЬНЫЕ ПОДАРКИ В МАНГИСТАУ

Жылыойда соңғы 5 жылда 10-ға жуық адам оққа ұшқан (видео)