Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда дзюдодан республикалық турнир өз мәресіне жетті

Атырау қаласында дзюдодан 2004-2006 жылы туылған жастар арасындағы VI республикалық турнир аяқталды.

Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы, дзюдодан 6 дан иегері Асан Раушанов жүлдесіне арналған сайысқа 20 команда, 200-ге жуық спортшы қатысқан.
Республикалық турнирдің бірінші күні қыздар арасында 48 келіде М.Даушова (Шымкент), 52 келіде Н.Кадирбаева (Ақтөбе), 57 келіде Д.Есетқызы (Алматы), 63 келіде Ш.Бітімбай (Атырау), 70 келіде А.Абдикаликова (Алматы), 78 келіде А.Жандарбай (Атырау), +78 Б.Нұрғалиева (Ақтөбе) жеңіске жетті.
Ал ұлдар арасында 60 келіде С.Жасұланбек (Ақтөбе), 66 келіде Б.Әділжанов (Исатай ауданы), 73 келіде О.Нұрбергенов (Ақтөбе), 81 келіде А.Умаров (Атырау), 90 келіде Н.Тынышқали (Ақтөбе), 100 келіде Б.Наурызбай (Маңғыстау), +100 кг А.Мағауия (Исатай ауданы) жеңіс тұғырынан көрінді.

Оқи отырыңыз...

ӨҢІРДЕ 9 ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛАДЫ

ШАҒЫН ДҮКЕН ИЕЛЕРІНІҢ ШАҒЫМЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҮЛЕКТЕРГЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ТАБЫСТАДЫ