Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРДІ АУЛАУ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАП ТҰР: СЕБЕБІ НЕ?

Caspian News, 14 шілде. Атырау қаласында биылғы маусым айынан бері бұралқы иттерді аулау жұмыстары уақытша тоқтап қалды. Бұған қалалық әкімдік пен мердігер мекеме арасындағы жаңа келісімшарттың әлі де жасалмауы себеп болып отыр.

Еске салсақ, осы жылдың наурыз айынан бастап қаңғыбас иттерді аулау құзыреті қалалық әкімдікке өткен болатын. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі алғашқы келісімшартты тек 3 айға ғана жасасқан. Сол 90 күн ішінде қала бойынша 3 мыңға жуық ит ауланып, көзі жойылған. Жауапты шенеуніктердің айтуынша, осы жұмыстардың арқасында қала аумағындағы бұралқы иттердің саны айтарлықтай азайған.

💵 Жаңа тендер: Енді иттерді өлтіріп қана қоймайды

Бүгінде қалалық әкімдік қаңғыбас жануарлар мәселесін реттеу үшін 12 миллион 200 мың теңгеге жаңа конкурс жариялады. Оның қорытындысы шілде айының соңына дейін белгілі болуы тиіс.

Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Елтай Айбатов жаңа жобаның айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталды:

💬 «Жаңадан тағы 1100 итті аулауға конкурс жарияланып, нәтижесін күтіп отырмыз. Жеңімпаз анықталған соң жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Бұрынғы келісімшарт тек “аулау және жою” бағытында болса, енді жаңа заңнама талаптарына сай өзгерді. Жаңа шартқа сәйкес иттерді аулау, уақытша күтіп ұстау, стерилизациялау (піштіру) және қауіптілерінің көзін жою жұмыстары қатар қосылды».

Сондай-ақ, сектор меңгерушісі жұмыс сапасын бақылаудың жаңа жүйесін атап өтті. Арнайы чат арқылы 109 қызметінің мамандары шағымдарды орындаушы мекемеге тікелей жолдайды. Мердігер әр ауланған иттің фото-бейне есебін жіберіп, бөлім мамандары оқиға орнына барып бақылау жүргізеді.

🏢 Мердігерлікке кім үміткер?

Қазіргі таңда бұл тендерге қатысуға тек бір ғана кәсіпкер ниет білдіріп отыр. Әкімдік қазіргі уақытта оның құжаттарын тексеру үстінде.

Айта кетейік, наурыз-мамыр айларында қалада ит аулау жұмысымен айналысқан әрі маса улауға да жауапты болған «AG Desinfection services» мекемесі болатын.

📊 Статистика не дейді?

109 бірыңғай байланыс орталығының ресми мәліметінше, қаңғыбас иттерге қатысты тұрғындардан түсетін арыз-шағымдар әлі де жоғары. Өткен жылдың алғашқы 6 айында Атырау қаласы бойынша 4 099 шағым түссе, биылғы жарты жылдықта бұл көрсеткіш 3 мыңнан асып жығылған.

📊 Атырау қаласындағы қаңғыбас иттерді аулау көрсеткіштері (2026 жыл):

🐕 Алғашқы 3 айдың қорытындысы 💵 Жаңа тендер мен Талаптар 📞 109 Қызметіне түскен шағымдар 🛡️ Бақылау мен Есеп беру жүйесі
• Период: Наурыз – Мамыр;• Ауланған ит саны: ~3 000 бас;• Бұрынғы мердігер: «AG Desinfection»;• Құқықтық сипаты: Көзін жою. • Жаңа бюджет: 12,2 млн теңге;• Жоспар: 1100 итті қамту;• Жаңа шарттар: Аулау, стерилизация, ұстау;• Қорытынды мерзімі: Шілде соңы. • Өткен жылғы 6 ай: 4 099 шағым;• Биылғы 6 ай: > 3 000 шағым;• Басты мәселе: Иттердің көптігі;• Қабылдаушы: 109 қызметі. • Ақпарат алмасу: Жедел чат арқылы;• Міндетті талап: Фото және бейне есеп;• Тексеруші: ТҮКШ бөлімі мамандары;• Орындалу мерзімі: Жыл соңына дейін.

Оқи отырыңыз...

МАНГИСТАУСКИЕ СПОРТСМЕНЫ СДЕЛАЛИ СВОЙ ВЫБОР

ПАМЯТНАЯ ДОСКА В ЧЕСТЬ ПЕДАГОГА УСТАНОВИЛИ В КУРМАНГАЗЫ

ГРАН-ПРИМЕН ОРАЛДЫ!