Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА 21 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Caspian News, 5 тамыз. Атырауда жыл басынан бері жалпы аумағы 21,3 мың гектар болатын 55 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, қайтарылған аумақтардың басым бөлігі – жайылымдық жерлер, ал қалған бөлігі егістік пен басқа да мақсаттағы алқаптар.

📋 Алдағы жоспар мен жұмыс барысы

Өңірде игерілмей немесе мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 40 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен, жүйелі түрде жүргізілуде.

🔄 Жерді айналымға енгізу және конкурс

Мамандардың айтуынша, бұл шаралардың басты мақсаты – жер ресурстарын тиімді әрі нәтижелі пайдалану, оны мақсатына сәйкес игеру.

Назкен УТЕШОВА, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

«Ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтарудың басты мақсаты – жер ресурстарын тиімді пайдалану және оны мақсатына сәйкес игеру. Сонымен қатар қайтарылған бұл жерлерді шаруашылық айналымына қайта енгізу жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

Соңғы 4 жылдың ішінде өңірде мемлекетке қайтарылған 584 мың гектар жердің 379 мың гектары қайтадан айналымға енгізіліп, ашық конкурс арқылы жергілікті шаруаларға пайдалануға берілді».

Оқи отырыңыз...

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК «КЕРЕМЕТ» САЯБАҒЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

5 000 МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІН КИІП, РЕКОРД ОРНАТТЫ