Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНА ТҰҢҒЫШ РЕТ 3 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КІРІС ТҮСІРДІ

Caspian News, 23 маусым. Атырау облыстық мәслихатының кезекті XXIII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысті бірқатар маңызды мәселелер мен бюджеттік-салықтық түсімдердің орындалу барысы сараланды. Ресми мәліметтерге сәйкес, Атырау облысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел қазынасына 3 трлн 61 млрд теңге қаржы құйған. Бұл — алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 18,6 пайызға жоғары.

Сонымен қатар, аймақта жүргізілген жүйелі рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде бюджетке қосымша 1,3 млрд теңге өндірілді. Оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз айналымға шығарған 97 нысан иесіне 7,6 млн теңгеге жуық айыппұл салынса, 10 мың тоннаға жуық заңсыз мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы әшкереленіп, мемлекет кірісіне 193,6 млн теңге аударылған.

Салық базасын кеңейту және 25,4 млрд теңге қосымша кіріс

Мемлекеттік кірістер департаменті жергілікті бюджеттің әлеуетін арттыру бағытында уәкілетті органдармен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылғанын мәлімдеді.

💬 Кенжеғазы ЕСЕМБЕКОВ, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

«Департамент тарапынан жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекеттік тәртіптің, кәсіби жауапкершіліктің және жүйелі бақылаудың, сонымен қатар, Облыс Әкімімен бекітілген салық базасын кеңейту жоспарының нәтижесінде жергілікті бюджетке 25,4 млрд теңге қосымша қаржы өндірілді. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтарын уәкілетті органдардың мәліметімен және салық есептілігімен салыстыру арқылы ауытқулар анықталып, нәтижесінде жергілікті бюджетке 21,4 млрд теңге құйылды».

Жаңа Салық кодексі және депутаттардың талабы: Кәсіпкерлер тығырыққа тірелмей ме?

Сессия барысында бюджеттің өсуімен қатар, өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесі де қызу талқыға түсті. Депутаттар жаңа Салық кодексінің талаптарына бейімделуде кәсіпкерлердің қиындық көріп жатқанын алға тартты.

💬 Жеңіс АБІЛКАРЕС, Атырау облыстық мәслихатының депутаты:

«Салық мәселесінде көптеген жергілікті мекемелердің, оның ішінде ірі супермаркеттердің қиналып, тіпті жабылып жатқанын ескерттік. Солардың ішінде жаңадан бағдарламалар алып, ес жиып, енді түзеліп келе жатқандары бар. Осыған байланысты екі маңызды сауал туындайды: Біріншіден, осындай қиналып жатқан мекемелерге арнайы бейімделу (реабилитациялық) кезеңі қарастырыла ма? Екіншіден, қазіргі уақытта салық берешегі бар кәсіпорындардың техникаларын жүргізбеу немесе шоттарын бұғаттау (блокировать ету) жұмыстары жүріп жатыр. Олардың тығырықтан шығып кетуіне, жұмысын жалғастыруына жағдай жасайсыздар ма?»

Өзге де шешімдер

Бюджет пен салық мәселесінен бөлек, халық қалаулылары сессия барысында Атырау қаласының бірнеше құрамдас бөліктеріне жаңа атау беру және қайта атау жөніндегі ұсыныстарды қарады. Сондай-ақ аймақ үшін өзекті саналатын денсаулық сақтау, энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларындағы қордаланған мәселелер талқыланып, тиісті деңгейде шешімдер қабылданды.

Атырау облысының салықтық-бюджеттік көрсеткіштері (2025 жыл):

Салықтық есептіліктің негізгі бағыттары Нақты көрсеткіштер мен өсім Рейдтік шаралар мен бақылау нәтижесі Депутаттық корпус көтерген мәселелер
💰 Ел қазынасына құйылған кіріс 3 трлн 61 млрд теңге;• Өсім алдыңғы жылдан 18,6% жоғары. • Қосымша 1,3 млрд теңге өндірілді;• Заңсыз мұнай айналымынан 193,6 млн теңге түсті. • 📉 Салықтық қысымнан жабылып жатқан ШОБ;• 🔄 Жеңілдік (реабилитациялық) кезеңін енгізу талабы.
🏦 Жергілікті бюджетті толықтыру • Қосымша 25,4 млрд теңге өндірілді;• Ауытқуларды анықтау арқылы — 21,4 млрд теңге. • Алкогольді заңсыз сатқан 97 нысан әшкереленді;• Айыппұл көлемі: 7,6 млн теңге. • 🚜 Берешегі бар кәсіпорындардың мүлкі мен техникасын бұғаттауды шектеу

Оқи отырыңыз...

БАЛАБАҚШАҒА КЕЗЕККЕ ҚОЮДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАСЫНДА КЕМШІЛІК КӨП

ЖЫЛЫОЙЛЫҚ МҰНАЙШЫЛАР ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

В АТЫРАУ СТРОИТСЯ 21 ДОМ ПО ПРОГРАММЕ “НУРЛЫ ЖЕР”