Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ ОТБАСЫМЕН БІРГЕ ДАУЫС БЕРДІ

Caspian News, 15 наурыз. Конституциялық комиссияның мүшесі, облыстық мәслихаттың төрағасы Мұса Қарашаұлы Хайруллиев бүгін сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады.

Мұса Хайруллиев ел болашағы үшін дауыс беру — әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Ол сайлау учаскесінде берген сұхбатында мемлекеттің дамуы мен қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталды:

«Біз бүгін елдің ертеңі, ұрпағымыздың болашағы үшін маңызды шешім қабылдап жатырмыз. Әрбір дауыс — мемлекетіміздің іргесін бекемдеп, оң өзгерістерге жол ашатын үлкен күш. Мен бүгін отбасыммен бірге келіп, ел игілігі мен тұрақтылықты таңдадым. Әрбір қазақстандық осындай жауапты сәтте белсенділік танытады деп сенемін», — деді Мұса Хайруллиев.

Айта кетейік, өңірдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халықтың белсенділігі байқалады.

Оқи отырыңыз...

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА ШЕКТІ БАҒА БЕЛГІЛЕНДІ

БЖЗҚ-ДАН 46 МЛРД ТЕҢГЕ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ШЕКАРАДА ҰСТАЛДЫ

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫНА 3 МЛРД.ТГ. АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ