Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНДА «АШЫҚ АСПАН» РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛДІ

Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы «Ашық аспан» режиміне қосылды. Бұл әуе компанияларының арасындағы бәсекелестікті арттырып, билет бағасы арзандауы мүмкін. Сондай-ақ әуежай мен өңір экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етіп, халықаралық және ішкі рейстер санының артуына септігін тигізеді. Мәселен, Батыс Еуропа, Таяу Шығыс, Азия сияқты маңызды бағыттармен тікелей әуе рейстері ашылуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, осы жылы қолданыстағы әуежайдың қасынан жаңа әуежай кешенінің құрылысы басталмақ. Ауданы 16.500 шаршы метр болатын аэровокзал кешені жаңа 3 телескопиялық басқыштармен жабдықталады. Сондай-ақ ұшу-қону аймағын едәуір кеңейту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» ОТБАСЫЛЫҚ БОУЛИНГ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ЕСЕБІ

АТЫРАУДА 60 АДAМ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ЙОГАМЕН АЙНАЛЫСТЫ