Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«АТЫРАУ ЭНЕРГОСАТУ» ЖШС ӨКІЛЕТТІГІН ТОҚТАТТЫ

«Атырау Энергосату» ЖШС өкілеттігін тоқтатты. Биыл 1-қаңтардан бастап, Атырау облысының бөлшек сауда нарығындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау функциясы «Атырау Жарық» АҚ энергия тасымалдаушы ұйымына берілді. Бұл электрмен жабдықтау тиімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Оған 2024 жылғы 8-шілдедегі ел президентінің «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттелетін қызметтер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қоюы негіз болды. Табиғи монополияларды реттеу департаменті өкілдерінің сөзінше, электр энергиясын беру және жеткізу функциясын біріктіру электр желісін басқаруды айтарлықтай жақсартады. Оның тиімділігін арттырып инфрақұрылым мен қызмет көрсету шығынын азайтады. Әрі тұтынушылар тікелей түрде келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болады.

Оқи отырыңыз...

328 ЗАЯВОК ОТПРАВЛЕНО ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ НА ГРАНТ

Қоныстану ауылының қазіргі жай-күйі

КОНФИСКОВАННОЕ ИМУЩЕСТВО ПО НИЗКИМ ЦЕНАМ МОЖНО ПРИОБРЕСТИ НА АУКЦИОНЕ